Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ПРОБАЦИЯ БОЙЫНША МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ПРОБАЦИЯ БОЙЫНША МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлованың төрағалығымен өткен жиынға аудандық прокуратураның прокуроры Серік Усеев, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Н. Елшібаев, аудандық пробация қызметі бөлімі бастығы, әділет майоры Н.Сабаев, «Мақтаарал аудандық мансап орталығының» маманы Қ.Ибрагимов және кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыс барысында Мақтаарал аудандық Пробация қызметі бөлімінің 2024 жылдың І-тоқсанында атқарған жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы туралы Н.Сабаев, «Мақтаарал аудандық мансап орталығы» филиалының 2024 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша пробация есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету туралы Қ.Ибрагимов және аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 14-қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Н.Елшібаев баяндама жасады.
Ағымдағы жылы қайта қылмыстың алдын алу мақсатында аудандық прокуратура және де полиция бөлімі қызметкерлерімен біргелікте қайта қылмысқа бейім сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларына тексеру жұмыстары жүргізіліп, олармен профилактикалық сұхбаттар өткізілген. Прокурордың бастамасымен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында спорттың волейбол түрінен жарыс ұйымдастырылып бос уақыттарын тиімді өткізу әрі психологиялық ахуалдарына баға беру мақсатында спорттық жарыстар өткізілген. Есептегі азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында жыл басынан бір рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.
Полиция қызметкерлерімен біргелікте 3 рет профилактикалық іс-шара өткізіліп, нәтижесінде жаза өтеу тәртібімен ережелерін бұзған 8 сотталғанға ескерту шарасы қолданылып, 4 сотталғанға қатысты ұсыным аудандық сотқа жолданған. Нәтижесінде 3 азамат бас бостандығынан айыру орнына жолданып, 1 азаматқа сот тарыпынан бір мүмкіндік берілді.
2024 жылдың 3 айдың қорытындысы бойынша жалпы саны 11 сотталған азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 20 сотталған азамат психологиялық көмек алған. Сонымен қатар, 9 сотталған азаматтың жанұясына бір реттік азық-түлік берілген. Ағымдағы жылы ПҚБ-нің есебінде тұрған сотталған тұлғамен қайта қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол берілген жоқ.

Пікір жазу