Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ПОЛИЦИЯ МЕН ОҚУШЫЛАР ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАДНАМА ТАРАТЫП, ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

ПОЛИЦИЯ МЕН ОҚУШЫЛАР ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАДНАМА ТАРАТЫП, ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Жетісай ауданының полициясы №9 IT-мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқушылар арасында «Жолда жүру ережесін сақтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Шара барысында, дполиция қызметкерлері Н.Ағмасов пен Қ.Тұрмаханбетов оқушыларға көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүруді және бағдаршамның түстерін, қызметін толықтай түсіндірді.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылар оқушыларды маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда абай болудың, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды.
Сондай-ақ мектеп ішінде құрылған Жас жол инспекторлар отряды өздерінің міндеттерін және атқарып жатқан іс-шараларын көрсетті. Яғни автокөлік жүргізушілер тарапынан жолда жүру ережесін сақтау бойынша бірлескен алдын алу іс-шаралары өткізіліп, арнайы дайындалған жаднамаларды жүргізушілерге таратып, жолда жүру ережесін бұзбауға шақырды.

Пікір жазу