Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » КЕЛЕСТЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ–ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

КЕЛЕСТЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ–ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Келес ауданында «Отбасым — бақ мекенім» атты тұрмыстық зорлық–зомбылыққа қарсы аудандық форум өтті. Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы құрудағы жауапкершілікті ұғындыру, ажырасудың, отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алддын–алу және болдырмау, негізгі себептерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылған форумға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы, аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, құқық қорғау органдарының қызметшілері мен аудан тұрғындары қатысты. Форумның ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы Жәнібек Есенұлы отбасы құндылықтары, өзекті мәселелер жөнінде атап өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдайтынын айтып, Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетінін жеткізген болатын. Ауданымызда 2024 жылдың I тоқсанында ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» 67 азаматқа психологиялық қызмет көрсетті. Отбасын қолдау орталығы қызметі бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және отбасы мүшелерінің әлеуметтік және жеке дамуына жан-жақты қолдау көрсету арқылы отбасы институтын нығайтуға бағытталған. Бүгінгі форумда айтылатын ой пікірлерден көпшілік рухани азық алып, күнделікті өмірде қолданады деген сенімдемін, — деді аудан әкімі.
Форум барысында Келес халықтық театрының отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты «Тәрбие отбасыдан» атты тақырыбында қойылым қойып, арнайы бейнеролик ұсынылды. Сонымен қатар, қоғам қайраткері, «Құрмет, Парасат» орденінің иегері,тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы және аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов отбасы құндылықтары және құқық бұзушылықтарға қатысты қабылданып жатқан шаралар бойынша баяндады. Форум
соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, жиылғандар құнды ой түйіп, қажетті ақпараттарға ие болды.

Пікір жазу