Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Полиция терроризмнен қорғану мәселесі бойынша маңызды жиналыс өткізді

Полиция терроризмнен қорғану мәселесі бойынша маңызды жиналыс өткізді

Көрші мемлекеттерде орын алып жатқан келеңсіз оқиғалардың елімізде орын алуына тосқауыл қою мақсатында, полиция департаментінде террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жөнінде жиналыс өтті, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға азақстан Қазақстан Республикасы ҰҚКД өкілдері Сұлтан Джарасов пен Мадияр Жанабекұлы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Күзет қызметін бақылау бөлімінің жеке құрамы, террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуге жататын лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарының басшылары, құрылтайшылары қатысты.
Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Есенәлі Сенбиевтің төрағалығымен өткен жиында, дағдарыс жағдайлары кезіндегі іс-әрекеттер мен жасалатын шаралар талқыланды. Тиісті сала мамандары баяндама жасады.
Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын үздіксіз ұйымдастырып отыруға баса назар аударылды. Инженерлік-техникалық талаптарды сақтауды күшейту мен қорғану обьектілерінің қауіпсіздігі талапқа сай болуы ескертілді.
Жиынға қатысушылар айтылған ұтымды ұсыныстар мен бастаманы бірауыздан қолдап, одан әрі іске асыруға уағдаласты.
Соынмен бірге, бүгінде облыстың полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерді, яғни тұрғындар көп шоғырланатын сауда және ойын-сауық орталықтарын, қоғамдық орындар мен кешендерді тексеруде. Мәселен Түркістан облысының полициясы террористік тұрғыдан осал обьектіге жататын облыс орталығындағы ірі кешендерді толығымен тексеруді бастады.
Анықталған кемшіліктер бойынша кешен басшылығына нұсқамалар беріп, уақытылы жойылуын қадағалады. Дәл осылай тексеру жұмыстарын облыс полициясы бірнеше күнде 12 обьектіге жүргізді.
Сонымен қатар кешен қызметкерлеріне азаматтардың қауіпсіздігі маңызды екенін және әртүрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдар бойынша объектілерді күзетудің реттілігін айқындап берді. Департамент бастығының тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Пікір жазу