Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Учаскелік полиция инспекторлары халыққа жадынамалар таратуда

Учаскелік полиция инспекторлары халыққа жадынамалар таратуда

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын интернет алаяқтықтың түрлері де кең таралып, көбейіп келеді. Ал олардан зардап шегушілер қомақты қаржысынан айырылып қалуда.

Осы ретте интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы аталған қылмыстардың алдын алу бойынша мақалалар мен роликтер таратуда, , деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Одан бөлек, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, көшелерде тақырыптық бильбордтар ілінуде. Учаскелік полиция инспекторлары да халыққа жадынамалар таратуда.

Жалпы интернет алаяқтық деп — ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру, несие алу секілді жымысқы әрекеттерге барады.

Бүгінде дамыған технологияларды әлеуметтік желілер арқылы пайдаланып, алаяқтық жолмен айласын жүзеге асыратындар саны аз емес. Олар адамның сеніміне кіру үшін кез келген әрекеттерге барады. Ақпараттық технологиялар дамыған сайын интернет алаяқтық түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Ал олардан зардап шегушілер де қомақты қаржысынан айырылып қалып жатыр. Оңай олжаны көздейтіндер телефон арқылы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, әр түрлі жолдармен жеке ақпараттарға қол жеткізгісі келеді.
Кейбір азаматтар мәселенің анық-қанығына алдын ала көз жеткізбей, алаяқтардың құрығына түсіп, сан соғып қалып жатады.

Осы тұста Ордабасы ауданының полицейлері аудан тұрғындарын интернет-алаяқтықтан сақтандыру мақсатында халық көп шоғырланған орындарда ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері әрдайым интернет алаяқтардан абай болу керектігін ескертеді және қауіпсіздікті сақтау бойынша бірнеше кеңестер беруде.

Байланыс құралдары арқылы жасалатын алаяқтықтың ең көп таралған түрі – ол банктік есеп-шоттағы ақшаны басқа есеп-шотқа аударту арқылы иемдену, бұл қылмыс схемасы қарапайым және келесідей:

— қылмыскерлер ұялы телефонмен қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, есеп-шотындағы қаражатқа алаяқтық әрекет жасалып жатыр деп сендіріп, соны тоқтату үшін, банк картасының деректемелерін, яғни нөмірін, пин-кодын және картаның келесі бетіндегі соңғы үш нөмірін хабарлауды ұсынады немесе осындай тәсілмен «Any desk» арнайы қосымшасын ұялы телефонға жүктетіп, рұқсат ала отырып, онлайн несие рәсімдеу арқылы, қаражатты өзге есеп-шотқа аудартып иемденеді.

Алаяқтар бұндай айла-тәсілдерімен аудан тұрғындарын да алдап соғуда. А.ж. 3 айында аудан көлемінде алаяқтар интернет желісі арқылы алдау жолымен аудан тұрғындарының ақша қаражаттарын иемдену жағдайлары бойынша 4 қылмыстық іс басталса, 2022 жылы ауданда тіркелген алаяқтықпен байланысты 28 қылмыстың, 24-і осы интернет желісі арқылы жасалған алаяқтықтар болып отыр.

Олардың ішінде шағын несиелік ұйымдардың («Creditum», «Sofi Finance», «Mobei Man», «ПервоеКредитноеБюро») сайттары арқылы онлайн түрде несие рәсімдеу арқылы жасалған алаяқтықтарда бар. Бұл қылмыс түрін жасаудың басқа жағдайларында зардап шеккен тұлғалар әлеуметтік желілер арқылы («Instagram», «Kolesa.kz», «OLX», «WhatsApp») белгілі бір затқа тапсырып беру барысында алдын ала қаражаттарын аударумен орын алған.

Бүгінде интернет желісімен жасалған алаяқтық қылмыстарын тергеу барысы айтарлықтай қиындықтар туғызуда, сол себепті көптеген қылмыстар бойынша кінәлі тұлғалар анықталмай, олар қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кетуде.

Сондықтан, алаяқтардың құрбаны болмас үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет:

— банктік картаңыз бойынша қандай-да болсын проблемалық жағдай туралы мәлімдеген банк қызметкері қоңырау шалған жағдайда, әңгімені үзіп, картаңызда көрсетілген нөмір бойынша банкке қайта қоңырау шалыңыз, өйткені банк қызметкерлері Сіздің карта немесе есеп-шотыңыз туралы жеке мәліметті ешқашан сұрамайды;

— банк картасының деректемелерін және операцияны растау туралы арнайы кодты ешкімге айтпаңыз;

— егер Сіз мобильді банк қызметін пайдаланбайтын болсаңыз, ұялы телефонды жоғалтып алған немесе нөмірді ауыстырған кезде, шұғыл түрде қызметті өшіріңіз;

— интернет желісі арқылы белгілі бір затқа тапсырыс берген жағдайда, сенімді сатушы екеніне алдын ала көз жеткізіңіз.

Бұдан басқа, күмән туғызатын қандайда болмасын жағдайлар туындаған кезде, алаяқтардың арбауына түсіп қалмай, сақ болуға шақырамыз!

Сондықтан полиция қызметкерлері әрдайым интернет алаяқтардан абай болу керектігін ескертеді. Қауіпсіздікті сақтау үшін банк қызметкерімін деп хабарланса немесе OLX, Kolesa қосымшаларында сізге күмән келтіретіндей қызмет ұсынса, ақпардың нақтылығына және заңды екендігіне көз жеткізіңіз деп кеңес береді!

 

 

Пікір жазу