Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ САТЫП АЛУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ САТЫП АЛУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Атыс қаруларымен, оқ – дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың сәуір айының 22-нен бастап халықтан Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіледі, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл акция Қазақстан Республикасы ІІМ «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Мемлекет азаматтардан өз еріктерімен бұрын ішкі істер органдарында есепте болмаған заңсыз сақтаудағы қаруларды қабылдап алып, оларға олардың санатына сәйкес түрлі мөлшердегі сыйақылар береді.
Сыйақыны беру арнайы құрылған комиссияның шешімімен қаруы қабылданып, арнайы тексерістерден өткен соң, қарудың материалдық жай – күйін ескере отырып арнайы ережеге сәйкес 3 санатқа санатталады. Ешбір жерде тіркелмеген қаруды көненің көзі деп, атадан қалған қару еді деп сақтау, одан әрі кейінгі ұрпаққа мұраға қалдыру заңсыз сақтау болып табылады.
Егерде азаматтар ІІО-да тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, электрлі, лақтырылатын, оқсыз атылатын қаруды, белгі беру қаруын, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібін бұзған болса ҚР-сы ӘҚБтК-ң 482-ші бабы 1 — бөлігінде көзделген жауаптылыққа, яғни — қаруды тәркілей отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ал азаматтық қаруларды өз еріктерімен тапсырған адам,егер оның әрекетінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса әкімшілк жауаптылықтан босатылады. Азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, ПБ «102» телефоны арқылы хабарлауыңызды сұрайды.
Келес аудандық полиция бөлімі осы үндеуді қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайлардан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде сыйақы алу үшін тапсыру бойынша тез арада шешім қабылдауға ұсыныс жасайды. Аталған шараға байланысты толық ақпаратты мына телефондарға хабарласуыңыз сұралады: Келес АПБ байланыс телефондары: 3 – 03 – 62, 8702-927-67-71.

Пікір жазу