Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » «ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ» ҚЫЛМЫСЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ

«ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ» ҚЫЛМЫСЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ

Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың ұйымдастыруымен Жетісай ауданының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Сервистік модельдің топ жетекшісі Адина Шойғараева сөз кезегінде сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделуі қажет. Қоғаммен тығыз қарым-қатынасқа негізделген сервистік модель барлық проблеманың әмбебап құралы болып табылмайды, алайда қоғаммен сындарлы диалог құрудың сенімді құралдарының бірі деп сөзін қорытындылады.
Сервистік модельдің топ мүшесі Ақжібек Ақылбек сөз кезегінде: Интернет-алаяқтық деп – интернет желісі арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Интернеттегі алаяқтардың ерекше сипаты: Біріншіден, бір елде отырып, екінші елдегі адамдарды алдап-арбай беретін шекара таңдамау сипаты бар. Екіншіден, интернет-алаяқтар жасырын болып келеді. Яғни, олар жалған жеке және заңды тұлғалардың атынан әрекет етеді. Құрметті аудан тұрғындары, аталған қылмыс өзекті болуына байланысты өте мұқият болсаңыздар, себебі интернет алаяқтыққа Сіздіңде алданып қалмайтыныңызға кім кепіл. Интернет-алаяқтық қылмыстарының құрбаны болып жатқан мұғалімдер, дәрігерлер, компания құрылысшылар, әкімшілік қызметкерлер және зейнетақы қоры жинақталған тұлғалар. Сол себепті өзіңіз туралы жеке мәліметті ешкімге бермеуге, ешқандай күдікті сілтемелерге кірмеуге және қандай-да күдікті қоңыраулар болған жағдайда дер кезінде полицияға хабар беруге шақырды.
Ал сервистік модельдің топ мүшесі Бекмырза Абдурахманов: сервистік модель топпен Жетісай қаласы бойынша орталық алаңда және басқа да қоғамдық орындарда осы тақырыпқа билбордтар іліп, лед-экранға видео таспалар беріп, жергілікті «Санұр» телеарнасына мақала беріп, халық көп шоғырланған жерлерге үнпарақтар таратып, ғимараттарға іліп, бірінші кезекте өздерін алаяқтық қылмыстын алдын алу бойынша ескертпе жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Пікір жазу