Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазығұрт Аудан аумағында 2024 жылдың 3 айында кәмелетке толмағандарға қатысты 42 жазатайым оқиға фактілері тіркелді.
Балалардың 10 абайсызда құлаған, 4 күйген, 5 уланған, 1 аттан құлаған, 3 ит тістеген, 9 жол көлік апатына ұшыраған, 10 әр түрлі жағдайда орын алған.
Жүргізілген талдау нәтижесінде жазатайым оқиғалардың 33 үй жағдайында орын алса, 9 оларға жауапты тұлғалардың қараусыз қалдыру салдарынан жол берілген.
2 оқиғаның қайғылы жағдаймен аяқталуы, 10 баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін деңгейде жарақат алуы алаңдаушылық туғызуда.
Прокуратура туралы Конституциялық Заңы мен Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес балалардың құқықтары мен мүдделері мемлекеттік маңызды және прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Өз кезегінде, ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдерінің балалардың мүдделерін қорғау, қарау жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа алып келеді.
Балалардың бір сәт қараусыз қалуы, орны толмас зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Еліміздің ертені өскелен жас ұрпақ. Сондықтанда олардың дені сау, білімді ұрпақ ретінде тәрбиелеу барлығымыздың борышымыз.
Құрметті ата-аналар балаларыңыздың өмірі мен денсаулығына жауаптылықпен қарауға, оларды қараусыз қалдырмауға және өмірлеріне қауіпті жағдайлар туғызудың алдын алуға шақырамыз!
Қазығұрт ауданы прокуратурасы

Пікір жазу