Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Лудомания — бүгін өзекті тақырыпқа айналды

Лудомания — бүгін өзекті тақырыпқа айналды

Оңай жолмен ақша тауып, бәс тігіп, құмар ойынға құныққан жастар саны көбеюде. Қоғам дертіне айналған Лудомания — бүгін өзекті тақырыпқа айналды.
Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері мектеп оқушыларына лудоманияның оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кездесу ұйымдастырды.
Оңай жолмен ақша тауып, бәс тігіп, құмар ойынға құныққан жастар саны көбеюде. Қоғам дертіне айналған Лудомания — бүгін өзекті тақырыпқа айналды.
Лудомания — ессіздік, ойынға құмарлық. Еліміздің түкпір — түкпірінде толып тұрған букмекерлік кеңселердің іші толған жастар. Ойынға құмар жастар қолдарындағы соңғы ақшасын тігіп, үлкен қаражат көтерем деп сенеді. Алайда, ұтылып қалған соң, еңселері түсіп, өзін қоғамнан алшақтатып жібереді. Алғаш қызығушылықпен бәс тігіп, кейін ойынға тәуелді болып қалғандар қаншама? Құмар ойынға бейімделу кезеңінің бірі – жалындаған жастық шақ.
Лудомандар — құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Қазіргі кезде казино, түрлі ақшалай ойын автоматтарының таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі өзекті мәселеге айналып тұр. Қоғамда оларға ешқандай шара қолдана алмайды. Себебі құмар ойындардың көбісі заң жүзінде рәсімделген. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтарда ашылған. Бірі білсе екінші білмейді.
Лудоманды былайша аңғаруға болады:
Біріншіден, барлық бос уақытын ойынмен өткізеді. Казиноларға ставка қояды. Букмекерлік контораларда отырады.
Екіншіден, қаржыны көп жұмсайды, ставкалар қомақты ақшаны қажет етеді, соның нәтижесінде үйіндегі құнды заттарын сатады, жақындарымен таныстарынан қарызға ақша алады, тіпті одан қала бере банктерден несие алады, сөйтіп қарызға белшесінен батады екен.
Үшіншіден, көңіл күйі өзгереді. Лудоман әрқашанда ойын туралы ойлайды.
Төртіншіден, жеңілістен кейін, қайтадан ойнап, ұту идеясы пайда болады.
Егер лудоман үлкен сомадан ұтылып қалса, ол керісінше тоқтамайды, ол тезірек ақша іздей бастайды. Жалпы, лудоманияның қоғамға төндіретін қаупі орасан зор. Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Сондықтанда, сөз соңында қазақ жастарына айтарым, құмар ойындарына емес, спортты серік ететін жігерлі, жалынды азамат болыңыздар.

Пікір жазу