Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сауран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері және тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес, аудан көлемінде әйелдердің жұмыссыздығын азайту бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, әйелдер репродуктивті денсаулығын қорғау туралы: ана мен бала бөлімінің мәселелері туралы емхана басшысының емдеу және профлилактика ісі жөніндегі орынбасары Әсел Қоңырбаева, аудан көлемінде әйелдердің құқық бұзушылық және зорлық зомбылық фактілері бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Оразалы Қаржаубаев баяндама жасады.
Комиссияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жұмыстарды жандандыру бағытында бірлесе шешім қабылданды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылады.

Пікір жазу