Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтар болсақ, жер қатынастары бағыты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары, сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі кеңінен талқыланды.
Атап айтар болсақ, жер қатынастары бағыты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары, сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі кеңінен талқыланды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков баяндама жасап, жер телімдерін кәсіпкерлік және өндіріс мақсатында жеке меншікке сатудан, аукцион арқылы өткізуден және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден 2024 жылы бюджетке түсетін жоспарлы түсімдерге тоқталды. Сондай-ақ ортақ жайылым көлемін ұлғайту, елді мекен шекарасын кеңейту мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстарды сөз етті.
Аудан басшысы бөлім басшысы мен ауылдардың әкімдеріне кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерді аукцион арқылы айына бір рет шығарудың мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, суармалы жерлерге талдау жүргізу, мақсатсыз пайдаланып жатқан жерлерді мақсатына сай жүргізу үшін иелеріне хабарлама беру керектігін айтты. Бұл мәселе бойынша заңды талаптар орындалмаған жағдайда жерлерді мемлекетке қайтару шараларын пысықтауды тапсырды. Одан бөлек елді мекендердің шекарасын кеңейтуге байланысты да бірқатар тапсырмалар берілді.
Екінші мәселедегі сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ баяндама жасап, аудан бойынша көрнекі ақпарат құралдарының (бибордтар) саны, тозығы жеткендері мен мерзімі өткендері туралы ақпарат берді.
Аудан әкімі аталған мәселедегі кемшіліктерді жою үшін ауыл әкімдеріне, тиісті бөлімдерге тапсырмалар беріп, аудан орталығындағы баннерлердің жарықтандырылуын, беттерінің шынылануын тапсырды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ардақ Талдыбаев баяндама жасады. Ол бөлімнің 2024 жылғы индикаторларына кеңінен тоқталып, атаулы әлеуметтік көмек, кедейлік деңгейі, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау, ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау бағыттарындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.
Аудан басшысы атаулы әлеуметтік көмек тағайындамай тұрып жұмысшы топ тарапынан отбасыларға талдау-саралау жұмысы жүргізілуі тиіс екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Сондай-ақ аудан әкімі ауылдық округтердің әкімдеріне, салалық мекеменің жауапты мамандарына елді-мекендердегі санитарлық-тазалық (бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, егілген көшеттерді күтіп ұстау, әктеу, сырлау), абаттандыру жұмыстарын ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.
© Didarbek.kz