Түркістан облысы, Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Baglan Group» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» жобасы аясында жастармен семинар-тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде алдымен жергілікті полиция бөлімінің бастығы Төлеген Жұмабек баяндама жасап, жастар арасында орын алған қылмыстар мен нашақорлық деректері мен алдын алу жұмыстары туралы айтып өтті.
Семинар-тренингке «Baglan group» қоғамдық қорымен әріптестік негізде жұмыс істейтін «Жігерле» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Әбдінабиева мен «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Байзаховалар қатысып, жастармен тренинг өткізді.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің мәжіліс залында өткен семинарға колледж студенттері мен ауданның белсенді жастары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қамтылып, спикерлер жастармен тақырыптық түрлі викториналық ойындар өткізіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара барысында жастар алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, тақырыпқа сәйкес ойларын ортаға салды. Кездесуде белгілі ақын Дәурен Полатбаев жастарға өзін-өзі дамытуға қатысты кеңестерін айтып, болашаққа дұрыс жоспар құра білу керектігі жөнінде әңгімеледі.
© Didarbek.kz