Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП, АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ

АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП, АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ

Шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова кезекті қала көшелерін аралау барысында қаламыздағы денсаулық сақтау нысандарын аралады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нет описания фото.
Алдымен «Торабтық Аурухана» ӨК-не барды.
Аталған нысан О.Байдәулетов көшесінде орналасқан, мұнда №2 және №3 автобустары тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды. Аурухана алдына асфальт жол салып, заманауи аялдама қойылса деген тұрғындардың көптен бергі тілегі еді.
Осыған орай, қала басшысы арнайы барып, тиісті сала басшыларымен бірге шешу жолдарын талқылады. Талқылау нәтижесінде, Торабтық аурухана алдына асфальт жол салынып, ретке келтірілетін болды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет және демеушілер есебінен аурухана алдына екі аялдама орнатылмақ.
Возможно, это изображение 2 человека
Бұдан кейін қала басшысы Орталық ауруханаға барды. Мұнда көтерілген мәселе аурухана маңына автокөлік тұрағын ретке келтіру, абаттандыру жайы болды.
Шаһар басшысы емхана іргесіндегі көлік тұрағына арналған орынды тегістеу, тас төсеу, бюджет мүмкіндігіне қарай асфальт салуды жоспарға енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, қаламыздың Бас дәрігеріне гүл отырғызып, абаттандыру ісін қолға алуды ескертті.
Возможно, это изображение 2 человека, вагонетка и текст «3 135AG13»
Ем алушыларға қолайлы орта қалыптастыру, қаланы дамытудың перспективалық жоспарларын жасау кезек күттірмес іс екендігін баса айтқан қала басшысы орынбасарлары мен сала басшыларына жұмыстарды сапалы орындауды бақылауға алуды тапсырды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу