Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » «Айбын» орденінің иегеріне арналған «Батылдық бұрышы» ашылды

«Айбын» орденінің иегеріне арналған «Батылдық бұрышы» ашылды

Бейбіт күні қызмет бабында қаза тапқан полицей әріптестеріміз қаншама. Соның бірі 1997 жылы 8 наурызда қызмет барысында қылмыскердің қолынан ерлікпен қаза болған Шардара аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкері лауазымында қызмет атқарған полиция старшинасы Асқар Рүстембекұлы Жәрдембаевқа арналған өмірлік және кәсіби жолдары сипатталған «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» батылдық бұрышы ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімдігі, полиция және мектеп ұжымы қатысты. «Біз өз қызметіне адал болған, ел тыныштығы үшін өмірін қиған әріптестеріміздің аруағының алдында бас иеміз. Олардың ерлігі бүгінгі полицейлерге үлгі. Ішкі істер органына келген әрбір жас осы тақта алдында Отан үшін ант береді»- деді ауданның бас полицейі Шералы Әділханұлы.

Осындай өскелең ұрпаққа үлгі болатын маңызы зор іс-шара Шардара қаласы Қ.Аманжолов мектебінде өтті.
Нақтырақ айтсақ, 1998 жылы 12 қазанда шақырту бойынша шығып, оқиға орнында оққа ұшып, қаза тапқан Шардара аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ақдәулет Тажмағанбетұлы Сандыбаевқа арналып, «Батылдық бұрышы» ашылды. Онда полицейдің ерліктері, қызмет жолдары сипатталған «Ерлік- елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті» тақырыбында естеліктері қойылды. Сондай-ақ полицейдің қызмет барысындағы жанкештілік әрекеті ескеріліп, 2005 жылы 12 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
Аталған іс-шараға Шардара ауданы әкімі апаратының ішкі саясат бөлімінің бастығы Бақытжан Таласов, Шардара ауданының бас полицейі Шералы Әділханұлы, ІІО-ның бастауыш ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Амангелді Искаков және полицейдің туыстары, мектеп ұжымы қатысты.
Тағылымы мол шара барысында жас буынға полицей А.Сандыбаевтың өмір жолы, батырлық әрекеттері айтылды. Жиналғандар жұлдызы ерте сөнген полицейді 1 минут үнсіздікпен еске алды. Қарындасы Сара Сандыбаеваға гүл шоқтары табысталды.
Негізгі мақсат – жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу, Отан үшін адал қызмет еткен батыр аға-әпкелерін үлгі ету, оқушылардың жеке басын қалыптастыру және дамыту.

 

 

Пікір жазу