Міне, масқара!
Алматы қаласы мен Алматы облысында зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, қорғансыз қалып кетіп жатқан балалар да, ересектер де баршылық екен, өкінішке орай:
- Алматы облысында 8-жасар оқушы қыз мектептен қайтып келе жатқан кезінде, оның жолын 30-жасар маскүнем қияды да, әбден соққыға жығып, көпірден лақтырып жібереді. Онымен қанағат тұтпай, әлсіреген кішкентай қызды зорлап кетеді.
- Тағы бір жан түршігерлік оқиға. 22 мен 29 жас аралығындағы төрт жігіт 30-жасар әйелге күш қолданып, есінен тандырып, кезектесіп зорлайды.
- 15-жасар қызды Алматыда белгісіз біреулер алып қашып, зорлап жібереді.
- 5-жасар баланың анасы 33-жасар жас әйелді Алматы қаласының таксисі зорлап кетеді.
- Бірқатар адам Алматының Түркебаев және Мыңбаев көшелерінің қиылысында бір ер адам екінші ер адамды зорлап жатқанының еріксіз куәсі болып, полицияны шақырады.
- Алматы облысында 12-жасар қызды зорлаған 22-жасар ер азаматты қолға түсіреді.
Міне, дәл осындай адам сенгісіз оқиғалар Алматы қаласы мен Алматы облысында жиі болып жатады (мына жерде барлығын тізіп шығу мүмкін емес екеніне назарларыңызды аударамыз). Ал, осы оқиғалар туралы кешегі «белсеніп» жүрген Аружан Саин мен оның айналасындағыларының біреуі бірдеңе айтты ма? Бәлкім, алып-ұшып оларға жәрдемге келген шығар? Мүмкін, бір баспасөз мәслихатын ұйымдастырған болар? Сіздер естімесеңіздер, мен естіген емеспін! «Көрмес түйені де көрмес» деген, өзінің айналасында болып жатқан сұмдықтарды «байқамаған» Аружан Саин сонау Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан 150 шақырымдай жердегі Абай ауылындағы әлі еш дәлелін таппаған оқиғаға несіне «қызықты» екен? Әлде бұл жерде біз білмейтін бір гәп бар ма?
Мейлі, Аружанды жайына қояйық. Ал, үш-төрт күннен бері шулаған алматылық «белсенділер» мен оларды қорғаштаған жүздеген фейктер осы Алматыдағы оқиғаларға байланысты неге үнсіз қалды? Әлде, зорланған кішкентай қыздар мен есейген әйелдерге, жас ана мен жас жігітке еш жандары ашымай, жүректері ауырмады ма екен? Бәлкім, ол кезде «улап-шулау» үшін ешкім қаражат төлемеген болар? Не болса да, жоқ жерден елді дүрліктіргендердің ар-ұяты білсін! Біздің түсінбейтініміз, жанашыр адам, алдымен өз айналасына жаны ашу керек сияқты…
Ә.Ә.