Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРОРРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРОРРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаменті Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне облыстық дін істері басқармасы тарапынан «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған шараға полиция подполковнигі Нурлан Жалменов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Д.Аманов, Шардара аудандық әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің маманы А.Данияров пен Ж.Муталиев қатысты.
Түркістан облысы Полиция департаменті Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне облыстық дін істері басқармасы тарапынан «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Аталған шараға полиция подполковнигі Нурлан Жалменов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Д.Аманов, Шардара аудандық әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің маманы А.Данияров пен Ж.Муталиев қатысты.
Қазіргі кезеңде дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын экстремизм мен терроризм мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне және қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен қысым орнатуда. Діни экстремизмнің басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе озбырлықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе күш қолдана отырып шақырумен байланысты қысым көрсету, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану.
Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің қорқыту, үркіту, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизмнің кең мағынасындағы ұғымы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру. Латын тілінен аударғанда «қорқыныш, үрей» деген мағынаны білдіретін «терроризм» – экстремизмнің асқынған көрінісі…
Терроризм зорлықтың аса қатыгез, үрейлі түрлері мен әдістерін пайдаланып, саяси мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Террористік актілердің салдарынан адамдар жаппай қырылып, бұқара халықтың басым бөлігі психологиялық қысым көреді, материалдық және рухани құндылықтар қирап, зардаптары кейде қалпына келмейтін деңгейге жетеді. Мемлекеттер арасында түсініспеушілік туындап, соның салдарынан соғыс оты тұтанады, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен өшпенділік пайда болады. Түрлі қылмыстық топтар мемлекеттік билікке ықпал ету не күйрету үшін террорлық актілерді жүзеге асырады.
Терроризм – қазіргі жаһандану қатерлерінің бірі, ауқымдылығы мен жиілігі, адамзатқа қаупі мен қаталдығы тұрғысынан ол әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды.
Аталған тақырып төңірегінде қазіргі таңда белең алып отырған жат діни бағыттарға жастардың бой алдыруы және осы салада құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жайы талқыланды.
Аталған тақырып төңірегінде қазіргі таңда белең алып отырған жат діни бағыттарға жастардың бой алдыруы және осы салада құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жайы талқыланды.

Пікір жазу