Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Түркістан: «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасын өткізуде

Түркістан: «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасын өткізуде

Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған шарада полиция халыққа бірінші кезекте түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.
Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізілетін рейдтік шарада облыс халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.

Арыс ауданы көлемінде «Құқықтыұ тәртіп» профилактиуалық іс-шарасы өткізілуде.  Арыс ауданы көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.
Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.

Полиция «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасын өткізуде. Ордабасылық полицейлер көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған шарада полиция халыққа бірінші кезекте түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.
Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізілетін рейдтік шарада облыс халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.

Мектеп оқушыларына профилактикалық шара жүргізілді.  Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шомылу маусымының басталуына байланысты мектеп оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында оқушыларға белгіленбеген су арналарының жағалауында суға шомылуға қатаң тыйым салынатынын хабарлай келе, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде ескертілді. Бұл профилактикалық шара адамдардың белгіленбеген орындарда суға шомылуының алдын алу, суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталып, алдағы уақытта да жалғасатын табатын болады.

Сарыағаш ауданында жедел-профилактиуалық іс-шара өткізілуде. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуіне орай Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері іс-шара жүргізуде.
Мақсаты – аудан аумағында қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, жол-көлік оқиғасын болдырмау қоғамдық тәртіпті сақтау, оның ішінде көліктегі қауіпсіздік ережелерін қадағалау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторымен профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Сайрам ауданы аумағында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар анықталды. Сайрам ауданы әкімінің 2023 жылғы 12 шілдедегі №25 өкімімен құрылған жұмысшы топ құрамының мүшелері болып, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» туралы алгоритіміне сәйкес, Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі аумағында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 04.10.2023 жылғы №82н/қ бұйрығымен «Алтын Тастақ» ЖШС-нің жұмысы су қорғау белдеуінен шығарылғанға дейін уақытша тоқтатылған болатын.
Мониторинг барысында, 171 орамда, кадастр №19295171144, жалпы көлемі 22,7 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы «Алтын Тастақ» ЖШС-нің жер учаскесінде, (Тас) қазба жұмыстарын жүк тиегіш Х918ADE және Howo KZ107ABH12 ауыр жүк көлігімен (Тас) қазба жұмыстары жүргізіліп жатқаны анықталды және бейне, фотокамераларға түсіріліп, 102 нөміріне хабарланды. Полиция басқармасының маманы тарапынан көлік жүргізушілерден түсініктеме алынды. Жүк тиегіш және ауыр жүк көлігі заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұраққа қойылды.

Полиция жертөлеге есірткі еккен азаматты анықтады. Түркістан облысы Ордабасы ауданында учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шарасын атқару барысында жергілікті тұрғынның үйіндегі жер төлесінен есірткі өсімдігін тапты.
Ер азамат өзінің екі қабатты үйінің кіреберісінің төменгі жағына жертөле салып, онда гүлдің құтыларына сора есірткі өсімдігін еккен. Арнайы жарықшамдармен жасақтап, сораның жайлы өсуі үшін жағдай жасаған. Бүгінгі таңда 10 шақты сора өсімдігі тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталуда.

Полиция сіріңке қорабына есірткі сақтаған күдіктіні ұстады. Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар 55 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Жедел уәкілдер ер адамның үйіне тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің үйінің ауласында орналасқан гараждың ішінен 5 сіріңке қорабына оралған хош иісті есірткіні тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес алынған есірткі «марихуана» болып шықты. Күдікті өз сөзінде есірткіні өзі қолдану мақсатында сақтағанын айтты.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысында полиция көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Созақ ауданының полициясы бір үйге екі рет ұрлыққа түскен 26 жастағы ер адамды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті ер адам көршісінің үйіне кешкі уақытта ұрлыққа түсіп, 740 мың теңгеге жуық ақшасын алған.
Полиция қызметкерлері аталған ер адамның бір апта бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтады.
Күдікті ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны құмар ойынға жұмсаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Пікір жазу