Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » КЕЛЕС: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ ЛАСТАҒАН 12 АЗАМАТҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

КЕЛЕС: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ ЛАСТАҒАН 12 АЗАМАТҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Ішкі істер министрілгінің бастамасымен елімізде 10 күндік «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Келес ауданында 10 мамырдан басталған жедел-профилактикалық іс-шара барасында жол ережесін бұзған 82 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Келес АПБ ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі Нұржас Асанов мәлімдеді.
– «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты — жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау болып табылады. Іс-шараның алғашқы күнінде Қоғамдық орын мен көшелерде масаң күйде жүрген 6 азаматқа хаттама толтырылды. Бір жасөспірімнің автокөлік басқарғаны анықталып, көлігі әкімшілік айыптұраққа қойылды. Оның ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарды ластаған 12 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды, — деді полиция подполковнигі Нұржас Асанов.
Айта кетейік, заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

Соынмен бірге, Түркістандық полиция қызметкерлері тазалық жұмыстарын жаса, республикалық акицяға белсенді қатысуда.  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, Түркістан қалалық полиция басқармасы ғимаратының ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Сақшылар қоқыстарды жинап, жасыл желекті суарды. Тиісті тазалық шараларын атқарды.

 

 

Пікір жазу