Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесуге полиция капитаны А.Сыздықов, полиция майоры А.Мырзахметова және Сүйемелдеу психологиялық секторының психологы К.Төлебаева және барлық мемлекеттік мкемелердің қызметкерлері арнайы қатысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Арыс толқындары» телеарнасының және «Арыс ақиқаты» газетінің тілшілері қызығушылық танытқан бұл жиынға 60-қа тарта мекеме қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Шара барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Заңына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта заңның қолданылу аясы анықталды.
Ал, Кентау қаласында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған форум өтті. Кентау қаласында балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.
Шараға Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, қала әкімдігінің, білім бөлімінің өкілдері, ата-аналар мен ұстаздар қатысты.
Форумда ата-аналарға бейнеролик көрсету арқылы 25 мамыр-соңғы қоңырау іс-шарасын өткізудің алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Жиын соңында форумға қатысушылар пікірлерін ортаға салып, туындаған сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ тиісті сала мамандары өзара бірлесіп, ата-аналармен тығыз іс-қимыл жасағанда ғана кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған тиімді шаралардың берер мүмкіндік көп екендігі аталып өтті.
Қазығұрт ауданында «Автокөлік» жедел-профилактиуалық іс-шарасы жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің нұсқауына және Түркістан облысы Полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде “Автокөлік” жедел-профилактикалық іс- шарасы өтуде.
Шара аясында қолданылған автобөлшектерін сататын орындарды тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Шараның мақсаты- автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап әкетудің алдын алу және ол қылмыстарды ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру.
Республика аумағында автокөлік құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу мен көлікті бөлшектеп сату бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында, «Автокөлік» жедел – профилактикалық шарасы өткізілуде. Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қарқынды жұмыс атқаруда. Яғни Арыс қаласы бойынша 2 бекет қойылып, 50 автокөлік тексерілді. 10 автокөлік жөндейтін және 3 автокөлікті бөлшектеп сататын орындар тексерілді.
Өз кезегінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адам көп шоғырланатын орындар мен көпқабатты үйлердің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік
шараларын ескертті.
Сонымен бірге, Түркістан облыстық полиция қызметкерлері тарапынан қылмысқа қарсы, қылмыстың алдын алу және болдырмау іс-қимыл шаралары жүргізілуде.
Қазығұрт ауданында Абайлаңыз балалар» шарасы өтуде. Ағымдағы жылдың 20-30 мамыр аралығында “Абайлаңыз балалар” республикалық акциясы өтуіне орай Қазығұрт ауданы көлемінде мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, акция аясында жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, ауданның барлық мектептерінде жасөспірімдерге жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу шараларын жүргізді. Ата-ана, ұстаздар мен оқушыларға арнайы дәріс сабақтарын өткізді.
Онда балаларға жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді. Балаларды демалыс және мереке күндері бақылаусыз қалдырмауға кеңес берілді.
Түркістан облысында полиция қызметкерлерімен 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Полицейлер Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде, «ізін суытпай» 180-нен астам қылмысты ашты. Есірткі құралдарын тасымалдау мен сақтаудың 18 фактісінің жолын кесті.
Тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыс барысында 11026 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 950 құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 929 фактісі анықталды. Тұрғылықты жері бойынша бұрын сотталған және профилактикалық есепте тұрған 12 967 адам тексерілді.
Полицейлер жол қауіпсіздігі бойынша мас күйінде көлік жүргізудің 53 фактісін анықтады. Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 30-дан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ полицейлер құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар таратылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы мақсатында өткізіледі.
Полицейлер екінші рет мас халде көлік басқарған егде жастағы жүргізушіні ұстады
Кезекті шақыртуға шыққан Түлкібас ауданының полицейлері ауыл көшелерінің бірінен жол қозғалысы ережесін бұзып бара жатқан жүргізушіні байқайды. Яғни полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпаған, көшеде ерсілі-қарсылы жүрген «Daewoo Nexia» маркалы көлікті тоқтатты.
Тәртіп сақшылары тексеру кезінде жүргізушінің мас күйіне күдіктенді. Сондай-ақ тексеру барысында, 53 жастағы ер адамның 2022 жылы мас халде көлік басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Жүргізушіге қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Куәландырудың қорытындысына сәйкес оның «орта дәрежелі» мас күйде екені анықталды.
Полицейлер көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, екінші рет ішімдік ішіп көлік тізгіндеген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
Қонақ болып келген тұрғын, ұнатқан затын ұрлап кеткен.
Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын құны 50 мың теңге тұратын дүрбісінің ұрланғаны туралы арызданды. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шаралары аталған ұрлық қылмысын жасаған күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің үйіне қонаққа келген, 29 жастағы танысы болып шықты.
Белгілі болғандай, ол үй иесінің дүрбісіне қызығып, байқатпастан жасырын жымқырып кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған дүрбіні тәркілеп, иесіне табыстады.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты «Ұрлық» бабымен тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жүк көлігімен келін әкеліп, кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл көшелерінің бірінен мемлекеттік белгісін тақпай, арнайы жарық шамдарын тағып, қатарласып жүрген автокөліктерді анықтады.
Арасында жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді.
Оның ішінде «VOLVO FH» жүк көлігінің жүргізушісіне авариялық жағдай туғызғаны, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өткені, мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағаны, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін 5 хаттама толтырылды.
Сонымен қатар жасаған құқық бұзушылықтарына сай «LADA 21144» маркалы көлік жүргізушісіне үш, ал «LADA GRANTA FL» жүргізушісіне екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, алдағы уақытта қайталамайтындықтарын жеткізді.

Пікір жазу