Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған іс-шараға ішкі талдауды жүргізген жұмыс тобы және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Аудан әкімінің аппаратының басшысы Ш.Кенес жүргізілген ішкі талдаудың бағыттарын, сипаттамасы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері туралы айтып өтті.
Жария талқылаудын маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жауапкершілікпен қарау ескертілді.
© Didarbek.kz