Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖАСТАР АРАСЫНДА «АДАЛ АДАМ, АДАЛ ЕҢБЕК, АДАЛ ТАБЫС» АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

ЖАСТАР АРАСЫНДА «АДАЛ АДАМ, АДАЛ ЕҢБЕК, АДАЛ ТАБЫС» АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Сарыағаш ауданында жас ұрпақты ізгілікке бағыттайтын мақсатты шара өтті.
«Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс» тақырыбы аясында өрбіген шараның негізгі мақсаты — ел ертеңінің іргетасын қалайтын жастарды адал, парасатты тұлға болуға тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Жастар қауымын рухани кемелдендіруге бастайтын шарада ұйымдастырушылар жастарды адалдық қасиетінен азық алуға үндеп, арман-мақсаттарына жету жолында әділдікті биік қоюға шақырды.
Айта кетсек, бүгінде өңірдегі білім беру ұйымдарында «Таза сессия» науқаны жүргізілуде. Науқан аясындағы шараларда білім беру ұйымдарындағы комплаенс офицерлер мен Антикор еріктілер өз үлестерін қосуда.
© Didarbek.kz

Пікір жазу