Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Eліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся, стол и больница
Акция аудан әкімдігінің бірінші қабатында ұйымдастырылып, тұрғындар әкімдікке қарасты дербес бөлім, мекеме мамандарынан, өңірдің ең үздік заңгерлері мен адвокаттарынан заң, құқық қорғау төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына және шешілмеген даулар бойынша тегін кеңес беріп, көмек көрсетті.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету бағытындағы акция барысында кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация алды.
Возможно, это изображение 2 человека и люди учатся
Акцияны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырды.
Республика көлемінде өткізілген акцияда белгілі заңгерлермен қатар нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. мамандар қатысады. Бұл азаматтарға бір заңгермен ғана шектелмей, бірден бірнеше мамандардан консультация алуға және алынған жауаптардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік берді.
Возможно, это изображение 2 человека, люди учатся, хиджаб, офис и текст
Айта кетерлігі, 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам адам кеңес алды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу