Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды тіршіліктің жаңаратын кезеңі — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Күн мен түн теңелген бұл күні біз өткенімізді саралап, жаңа межелер белгілейміз. Өткен жыл айтулы оқиғалармен есімізде қалды.Атап айтсақ, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды; индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асырылуда; «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласын жариялап, жаңа латын әліпбиін бекітті, ұлттық кодты қалыптастыру тетіктерін нақтылады.Таяуда ғана Үкімет пен қос палатаның алдында тағы 5 басымдықты белгілеп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын көздейтін жаңа тапсырмалар жүктеді.
Құрметті қауым!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әр отбасыға құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Орта толсын, қуанышқа кенеліңіздер. Елімізден ынтымақ, бірлік ажырамасын.
Дендеріңізге саулық, өмірде асқаралы табыстар, игілік, бақыт тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Рашид Үсіпханұлы Қайыпжанов,
Ордабасы ауданының әкімі.