Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

«Тазалық — саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалық жоқ жерде елдің болашағы бұлыңғыр, келешегі күмәнді болары хақ, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек и трава
Осы орайда, аудан аумағын көркейту мақсатында әр аптаның сенбі күні аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі атқарылып жатқан тазалық жүмыстарын арнайы барып, тексерді. Аралау барысында анықталған кемшіліктер бойынша сала орынбасарларымен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар ескертулерді атап өтіп, тазалық жұмыстарын қарқынын күшейтуді тапсырды.
«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, ауданның тазалығы ең алдымен өзімізден бастау алады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, тұлғалығы мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші.
Возможно, это изображение 4 человека и трава
Аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны барынша қорғауға шақырамыз!
© Didarbek.kz

Пікір жазу