Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде санитарлық тазалық пен көгалдандыруға қатысты сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар жұмыла кірісті.
Көркейту-көгалдандыру жұмыстарын өз бақылауына алған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығының ішкі көшелерін аралап, қосымша атқарылу керек жұмыстарды пысықтады. Сондай-ақ Шолаққорған-Түркістан бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағына барды. Онда отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйімен танысты. Қазіргі уақытта жасыл белдеу аумағындағы шөптерді отап, егілген тал көшеттерін күтіп-баптау, суару жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, бүгінгі ұйымдастырылған сенбілікте Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген 5 сектордың, яғни ондағы 144 көшеге жауапты етіп бекітілген әр мекеме күл-қоқыс шығару, тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса су өткелдері, көпірлер, өзен, канал, бұлақ, арық бойлары тазаланып, көше бойындағы талдардың түптері әктелді.
© Didarbek.kz