Анықтау басқармасы басшылығының бастамасымен Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлының төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң» жобасын түсіндірме сабағы өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлык аудандық полиция басқармалары басшыларымен олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторларымен жауаптылар, кезекші бөлімдері басшылары мен кезекшілер қатысты. ҚК 108-1 бабы, 109-1 бабы, 301-1 бабы түсіндірілді.
© Didarbek.kz