Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БРАКОНЬЕРЛЕРДЕН 580 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БРАКОНЬЕРЛЕРДЕН 580 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕДІ

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, 156 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Браконьерлерден 580 кг балық, шамамен 1500 м балық аулау торлары, қайықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Мәселен тәртіп сақшылары балық инспекторларымен бірлесіп, Ордабасы ауданынан Арыс қаласының екі тұрғынын анықтады. Олардан қайық пен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.
Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері Бөген, Көксарай және Шардара сияқты өзендер мен су қоймаларын қараусыз қалдырған қайықтар мен балық аулау торларынан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Возможно, это изображение 4 человека и зеркальный карп
‍♂️Өз кезегінде тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу