Осылай деген аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов бүгінгі лездемелік мәжілісте жергілікті әкімдер мен бөлімдерге тапсырмалар жүктеді– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан аумағындағы санитарлық тазалық пен күл қоқыс тастайтын полигондардың қазіргі жағдайы жөнінде жауапты бөлімше басшысы Қ. Мұхатов пен бөлім басшысы М. Телғараев баяндады. Баяндамада елді мекендердегі бей берекетсіз жатқан күл қоқыстар, көше жол бойындағы құрылыс материалдары мен орылмаған шөптер, түрлі техникалардың қаңқалары, сырланбаған аялдамалар мен тұрғын үйлер жайлы арнайы сараптама жасап, мәлімдеді. Жиында полигондардағы күл қоқыстарды да дер кезінде тазалау, шөп пен құрылыс материалдарды алып тастау бойынша аудандық полиция бөлімімен бірлесе атқаруды ауылдық округ, кент әкімдеріне жүктеді. Мәжілісте аудандық құрылыс, сәулет, қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Ештаев аудандағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандардың бүгінгі жағдайын баяндады.
Сонымен қатар, елді мекендердегі инфрақұрылым жұмыстары да тілге тиек етті. Мәжілісті аудан басшысы Н.Ізтілеуов қорытып, берілген тапсырмалар уақтылы орындалуын тапсырды.
© Didarbek.kz