Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауданда тазалық пен әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау мақсатында лездемелік жиын өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға жауапты орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.
Санитарлық тазалық жұмыстарының барысы туралы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Бекзат Мыңжасаров баяндап, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді слайд арқылы көрсетті. Бұл бойынша жүктелген тапсырмалардың орындалуы сараланып, кемшіліктер орын алған округ әкімдерінің есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, ішкі көшелерге төселетін асфальт жабындысы, орнатылатын көше жарықшамдар, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандар секілді әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.
Аудан басшысы аталған мәселелер бойынша салалық орынбасарлары мен жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктеді. Әрбір іске аса жауапкершілікпен қарауды қатаң ескертті.
© Didarbek.kz