Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАННЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС КЕЛБЕТІ АЖАРЛАНА ТҮСПЕК

ТҮРКІСТАННЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС КЕЛБЕТІ АЖАРЛАНА ТҮСПЕК

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласының сәулетін жақсарту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение ‎текст «‎- ازذا‎»‎
Шаһардың келбетін одан әрі көркейтуге тұрғындар да өз үлесін қосады. Осыған қатысты қоғамдық талқылау өтеді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларымен жоба барысын талқылады.
Өңір басшысының төрағалығымен облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобалардың сәулетіне қатысты талқылау өткізілді. Оған сәулетшілер, жауапты басқарма басшылары, қала әкімдігі мен өзге де мекемелерден өкілдер қатысты.
Возможно, это изображение ‎1 человек, план этажа и ‎текст «‎КОМмЕРЧЕСКИЕ ОБЪЕКТЫ ПРиМЕРЫ ПРиМЕНЕНИЯ восточных ЭЛЕМЕНТОВ: тов: הה +ง 77 77‎»‎‎
Түркістанның бірыңғай қайталанбас сәулет стилі бар. Салынып жатқан жаңа нысандар мен тұрғын үйлердің қасбеттері белгіленген талапқа сай бой көтеруде. Жеке кәсіпкерлерден тұрғын үйлер мен инвестициялық жобаларды бір үлгіде, ұлттық нақышта безендіруді талап етіледі. Облыс әкімінің тапсырмасымен жаңа нысандарды орта ғасырлық сәулет өнеріне сай, ұлттық нақышты ұстана отырып, шаһардың ерекше бірегей келбетін сақтау қатаң бақылауға алынған. Сондай-ақ салынатын ғимараттар халыққа ұзақ жылдар бойы сапалы әрі жайлы қызмет етуі үшін әрбір жоба егжей-тегжейлі қаралады.
Шаһардың дизайн-коды, яғни құрылыс салу нормаларының стандарттары мен белгілі бір үлгі, ережелері сақталуы тиіс. Бұл талап тек ғимараттар мен тұрғын үйлердің ғана емес, сондай-ақ көгалдандыру, абаттандыру, тас төсеу, жарықтандыру, аялдамалар, шағын сәулеттік пішіндер мен орнатылған орындықтарға да қатысты.
Возможно, это изображение 1 человек
Бұл бағыттағы жұмыстардың барысында өзге елдердің тәжірибесі де ескеріледі. Қоғамдық талқылау болады. Көпшілік пікірі ескеріледі. Ұсыныстар мен тілектер қаралады.
Аталған тәжірибе облыстың аудан, қала, елді мекендерінде де қолданылмақ. Ауыл келбетін жақсарту бағытындағы ұсыныстарды меншік иелеріне ұсыну қарастырылуда. Бірыңғай үлгі өңіріндегі тұрғын үйлердің шатырына, жол желісіне, жарықтандыру, жарнамаларға, шағын сәулет нысандарына да қолданылмақ.
Возможно, это изображение 10 человек, стол, осветительное оборудование и внутри помещения
Қала мен елді мекендердің келбетін жақсарту кезең-кезеңмен іске асады. Өңірдің бірыңғай стилі қалыптасады. Құрылыс қағидаттарын сақтауға баса назар аударылады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу