Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚУРАҒАН ШӨП ЖӘНЕ ҚОҚЫСТЫ ӨРТЕУ ҚАУІПТІ

ҚУРАҒАН ШӨП ЖӘНЕ ҚОҚЫСТЫ ӨРТЕУ ҚАУІПТІ

Жаз келісімен тұрғындар бау-бақшасын және ауласын қураған шөптерді жинау кезеңі басталады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алайда осы жинаған қоқыстарды ауласына жинап, оны арнайы қоқыс төгетін орындарға шығарудың орнына өртеуге тырысады. Бірақ осы өртеген қураған шөп және қоқысты қараусыз қалдырып желдің шығысымен, өрттен шыққан ұшқындар көрші үйлердің ауласына жиналған жем-шөптердің немесе қоралардың үстіне түсіп, өрттің шығу оқиғалары да орын алып жатыр. Сондықтанда аулаңыздан шыққан қоқыстарды қапшықтарға немесе арнайы темір контейнерлерге жинап қоқыс төгетін алаңдарға шығаруларыңыз қажет.
Сонымен қатар Арыс қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімімен күнделікті 10-ға жуық көше бойындағы өрттерге шығуда. Сондықтан да жоғарыда жазылған өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды және аула алдындағы қураған шөптерді шабу арқылы қоқыс жәшігіне тастауды сұраймыз.
Өрт-тілсіз жау деп бекер айтпаған. Өрт материалдық шығынға ғана ұшыратпастан, бұданда үлкен көңіл қынжылтарлық жайларға душар етеді. Сондықтан да әрбір азамат өрт қауіпсіздігін сақтауға ұқыптылықпен қараған жөн.Сізге немесе айналаңызға қауіп төнген жағдайда «101,112» телефон нөмерлеріне қоңырау шалып, қоршаған ортаңызды сақтап қалуға себепші болыңыздар.
Аула маңындағы қураған шөптерді және қоқысты өз беттеріңізше өртеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410 және 336 бабына сәйкес әкімшілік шара көзделгенін ескертеміз.
Құрметті қала тұрғындары өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
© Didarbek.kz

Пікір жазу