Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжілісте 2023-2024 оқу жылының түлектерін ҰБТдан өткізуге дайындығы және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша ауданның білім бөлімінің басшысы Д. Ақатовтың баяндамасы тыңдалды.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі баяндамашыға мәжіліс барысында бірқатар сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі мәселе кеңінен талқыланып нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары әзірленіп, нақты мерзімін көрсетіп,сол бойынша жұмыстар жүргізу қажет екенін атап өтті.
© Didarbek.kz