Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОТЫРАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ОТЫРАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті Қазақ елі!
Ел мен елдің, адам мен адамның ара қатынасындағы тепе-теңдік заңын бұзбайтын, әрбір жеке адамның ар-ұятының тазалығын сақтайтын, адамды арам пиғыл мен пендешілік атаулыдан тазартатын, бірлік пен татулықтың, ізгілік пен бақыттың мерекесі саналатын, күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған НАУРЫЗ мейрамы құтты болсын! Еліміздің еңсесі биік, ұл-қызымыздың ырыс несібесі мол болсын. Еліміз аман, ағайын туыс қазанды болсын. Маңдайдан бақ, таңдайдан ақ кетпесін. Ақ тілегіміз іске асып, бергеніміз қайтып, бермегеніміз мол болсын. Айымыз аман, жылымыз есен болсын!

Құрметпен,
Отырар ауданының əкімі
Е.Айтаханов

Пікір жазу