Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «АФМ оnline 2024» пікірталас форумы өткізілді. Шараға еліміздің ең үздік 35 университеті, 20 мыңнан астам студент және 10 миллионнан астам аудиториясы бар блогерлер онлайн режимде қатысты.
«AФM Online’24» жаңа пікірталас алаңында Нұрлан Қоянбаев, Юрий Ли, Рүстем Омаров секілді танымал медиа тұлғалар мен блогерлер өз пікірлерін ортаға салды. Форумда танымал журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан, ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов және Зарина Кусманова модератор болды.
Іс-шараның соңында, тіркелген қатысушылар қысқаша білім сынағынан өткеннен кейін ҚМА-нің электронды сертификаттарын алды.
Фотолар форумға онлайн қатысқан Жұмабек Тәшенев атындағы Университетінде түсірілді.
© Didarbek.kz