Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «АНАЛДЫ» ДЕП ЖАЗҒАН КІМ? «РЕСМИ ӨКІЛ» МЕ, БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ МА?

«АНАЛДЫ» ДЕП ЖАЗҒАН КІМ? «РЕСМИ ӨКІЛ» МЕ, БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ МА?

Иә, Шымкент қаласы әкімдігінің facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшасын оқып, не күлерімізді, не жыларымызды білмей қалдық.

Мәселен, жазбаның бірі: «Шымкентте қалалық ипподром алаңында шынымен де ғажайып іс-шара болды», – деп тұр. Қандай керемет! Ел-жұрттың қалай бағалағаны не керек осыдан соң? Қала әкімдігі өзі ұйымдастырған шараларға өзі жоғары баға беретін болған екен ғой! Көптің көңілінен шықты ма, шықпады ма – бәрі-бір ме сонда? «Ғажайып» жазба болды, дегенмен.

Тағы бір жазбасындағы: «Фестиваль барысында əр елдің…» деп келген сөйлемнен соң: «Шынында да, әлемнің түкпір-түкпірінен әр ел келіп қатысып…» отырғандай сезінгеніміз сол еді, көңіліміз су сепкендей басылды. «Әр ел» деп тұрғаны – бар-жоғы жеті республика екен!..

Кезекті жазбаға назар аударсақ, мұнда күтпеген жерден «аналды» деген сөзге көз сүрінді. Астапыралла! Бұндай сорақылықты бұрын-соңды көрмеген едік! Бұл сөздің мағынасын сексопатологтардан сұрамасақ, басқа амалымыз қалмады.

Ал, қала әкімдігінің ресми парақшасына «аналды» сөзін бақырайтып жазған адамның бабалар есімін де қатесіз жаза алмайтынына таң қалуды мүлдем қойдық! «Қазіргі таңда мамандар Темірлан тасжолын, Бәйдікбек би, Тәуке хан және Қонаев даңғылдарын жөндеуге кіріскен». Қалай жөндер екен деп отырмыз?! Алдымен сол «Бәйдікбек би» даңғылын тауып беретін пақыр табылар ма екен?..

Ә.Ә.

Пікір жазу