Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » А.ИСМАИЛОВ: БАРШАҢЫЗДАН ТИЯНАҚТЫ ЖҰМЫС ТАЛАП ЕТЕМІН!

А.ИСМАИЛОВ: БАРШАҢЫЗДАН ТИЯНАҚТЫ ЖҰМЫС ТАЛАП ЕТЕМІН!

Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек, отдел новостей и текст
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Аталған жиынның күн тәртібінде өзекті 3 мәселе көтерілді:
1. Жазғы маусымда тұрғындарды ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы;
2. Берешек салықтардың орындалуы және 250,0 нысанды деклорациясының тапсырылу барысы туралы;
3. 2024 жылдың 5 айында аудан бюджетінің атқарылуы мен 6 айдың болжамды игерілуі және кіріс көздерін ұлғайту іс-шарасының орындалуы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді. Атап айтқанда, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша су тапшылығының мейлінше болдырмау үшін қазіргі уақытта туындап отырған өзекті мәселелерді тез арада шешуді, кейбір қателіктерді реттеуді тапсырды.
Возможно, это изображение 15 человек
Екінші мәселе бойынша, салық берешекті жоспар бойынша орындамаған ауыл округі әкімдері мен салық мамандарының жұмысына сын айтып, түсіндіру жұмыстарын күшейту, жоспарды уақытылы орындау бойынша нақты тапсырмалар берді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан бюджетінің мақсатты игерілуін алдағы уақытта да бақылауда ұстау қажеттігін, кіріс көздерін ұлғайтуды, осы тұрғыда аудандық кірістер басқармасының мамандары мен жергілікті атқарушы орган біріге жұмыс атқару керек екендігін басып айтты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу