«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын елімізде маусым айының екінші жексенбісінде «Малшылар күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының мал шаруашылығы саласы елімізде жетекші орында. Мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде мал шаруашылығы қарқынды даму жолына түсті.
Өткен жылы мал шаруашылығы өнімі 470 млрд. теңгені құрап, үлесі республикада 1 орыннға шықты немесе 11 % құрады. Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 13 пайызы, сүттің 16 пайызы өңірдің үлесінде.
Облыстағы қой басының 14 %, ІҚМ, жылқының 5 %, түйенің 7 % асыл тұқымды. 2024 жылдың 4 айында ірі қара мал саны 1 млн. 232,5 мың бас, қой мен ешкі 5 млн. 502,4 мың бас, жылқы 484,8 мың бас, түйе 44,5 мың бас, құс 2 млн. 085,5 мың басты құрады. 78,4 мың тонна ет, 235,33 мың тонна сүт, 78,3 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, ұсақ мал етінің 75% облыстың еншісінде (2023 жылы 10,9 мың тонна ІҚМ, 5 мың тонна қой еті экспорталды. Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту ісі оң септігін тигізуде. Облыста жалпы 9183 ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде, 400 басқа дейін 9148 бірлік, 400 бастан 1000 басқа дейін 13 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.
Облыста мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде 7 ет өнімдерін өңдеу (24,6 мың тонна), 23 сүт өнімдерін өңдеу (143,2 мың тонна) кәсіпорындары жұмыс істейді. Осы кәсіпорындар есебінен облыста өндірілген еттің 29,0 %, сүттің 21,5 % қайта өңделіп, нарыққа шығарылуда.
Атап айтқанда, «Қарқын-2030» ЖШС-нің «Narlen» маркасымен шұжық, жұмыртқа өнімдері, «Айкан» ЖШС-нің «Эмир» маркасымен сүт өнімдері, «Бөрте милка» ЖШС-нің «Бөрте Милка» маркасымен сүт өнімдері Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие болып, брендтке айнала білді.
Сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша жалпы құны 10,5 млрд. теңгені құрайтын 3 ірі тауарлы сүт фермалары инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды қолдауға республикалық бюджеттен жылдық 2,5 % мөлшерлемемен 6,0 млрд. теңге қаржы бөлінді. Олар: «БНК АГРО KZ» ЖШС, «Бөрте Милка» ЖШС, «Sultan Agro» ЖШС.
Жобалар Түркиялық «Sezer», Швециялық «De-Ieval» автоматты технологиялық қондырғыларымен жабдықталады. Дания, Венгрия мемлекеттерінен өнімділігі жоғары Голштин тұқымды 1600 бас және Симментал тұқымды 600 бас аналық ірі қара мал әкелінеді. Осы жобалар арқылы жылыны қосымша 10,4 мың тонна сүт өнімі өндіріледі.
© Didarbek.kz