Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық штаб мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловтың төрағалығымен өткен бұл жиынға штаб мүшелерімен қатар аудандық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, аудандық полиция бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Жастар ресурстық орталығының тиісті қызметкерлері, ауыл округі әкімдері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде өзекті 3 мәселе қаралды:
1. Арнайы орта, жалпы білім беретін орындарда нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне тосқауыл қою жөнінде лекциялар, дөңгелек үстелдер, семинар, кеңестер өткізу және нашақорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау туралы;
2. 26 маусым «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында аудан аумағында айлық іс-шаралар өткізу. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы фестивальдар, «Спорт денсаулық. Есірткі зұлым», «Жастар есірткіге қарсы», «Туризм есірткіге қарсы», отбасылық спорттық іс-шаралар барысы туралы;
3. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша әлеуметтік желілерге және өзге де интернет ресурстарға мониторинг жүргізу, сонымен қатар, өмірде елеулі проблемаларға, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынудың зияны туралы сюжеттері бар роликтер дайындау барысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, штаб мүшелері тарапынан аудан көлемінде нашақорлықтың алдын алу, есірткі және психотроптық заттарды сатуды болдырмау, нашақорлық пен басқа да қылмыстарды жою бағытында рейдтер ұйымдастыру, жастарды дұрыс тәрбиеге бағыттау мақсатында түрлі концерттік, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және сол секілді басқа да тиісті шешімдер қабылданды.
© Didarbek.kz