Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЫЛҒАДАҒЫ СУ ҰҢҒЫМАЛАРЫНА АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ЖЫЛҒАДАҒЫ СУ ҰҢҒЫМАЛАРЫНА АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Aудан әкімінің орынбасары М.Баигабулов Жылға ауылдық округіне арнайы барып, ауылдық округке қарасты Қарақалпақ және Шымырбай елді мекендерінің су ұңғымаларының жағдайымен танысып,ауыл тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек
Сонымен қатар, кездесуге Жылға ауылдық округінің әкімі Ғ.Бижанов, ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысының м.у.а. А.Утебаевтар қатысты.
Бақылау барысында су ұңғымаларына су құбырларының ескіріп,су деңгейі төмендегені анықталған. Себебі ұңғымылар 60 жылға жуық уақыт алдын бұрғыланған.
Мән-жаймен танысқан аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта су ұңғымаларына ағымдағы жөндеуден жұмыстары жүргізілетіндігінін атап өтті.
Возможно, это изображение 7 человек и нефтеперерабатывающий завод
Айта кетсек, Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ және Шымырбай елді мекендеріндегі су ұңғымаларын ағымдағы жөндеуден өткізу мақсатында облыстық бюджеттен қаржылары қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп,жеңімпаз мердігер мекеме анықталған.
© Didarbek.kz

Пікір жазу