Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТӨЛЕБИ ТӨРІНДЕ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСҚА 500 ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСУДА

ТӨЛЕБИ ТӨРІНДЕ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСҚА 500 ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСУДА

Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы Спорт кешенінде 26 маусым «Нашақорлық қарсы күрес» күніне орай, Төлеби ауданы әкімінің кубогы үшін дзюдо күресінен республикалық жарысы басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Маусым айының 13-16 күндеріне жоспарланған спорттық сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Түркістан облысының барлық аудандарынан 30 команда, 500 ге жуық спортшы қатысуда.
Ауқымы кең байрақты бәсекеге қатысушы жасөспірімдерге Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек сәттілік тілей отыра, спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше екенін, дене шынықтыруға ден қойғандардың көңіл-күйі, денсаулығы мықты, әрі шыдамды болатынын жеткізді.
— ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында халықтың жаппай спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажеттігін айтқан болатын. Спорт инфрақұрылымдарын оның ішінде шалғай елді мекендерде демеушілер есебінен ашық спорт алаңдарын салу арқылы спортпен шұғылданушылар санын 2024 жылға дейін 46 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз, деді құттықтау сөзінде бөлім басшысы Әуесбек Жақсыбекұлы.
«Ел мерейін – ер арттырады, ер мерейін – ел арттырады» деген қанатты сөз бар халқымызда. Елімізде соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктеріміз бен шыққан асуларымыз да аз емес. Соның ішінде спорт саласында да елеулі жетістіктерге қол жеткізудеміз.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Айта кетелігі, аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында қазірдің өзінде 206 спорттық нысан жұмыс істейді. Байрақты бәсекеде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандарға арнайы тағайындалған алғыс хаттар мен медальдар тапсырылады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу