Отырар ауданының әкімі Кайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке қабылдауда әлеуметтік көмек, тұрғын үй кезектілігіне тұру, тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу мәселелері көтерілді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, біршама мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
© Didarbek.kz