Мемлекет басшысының жыл сайынғы «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына жолдауы барысында, Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздіктің және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар офисінің қолдауымен, бүкіл Республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сервистік тәсілдерді енгізу тетіктерін масштабтау міндетін қойды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсаты: халық санасында полицей қызметкерлері жазалаушы орган емес, керісінше қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсініктерді орнықтыру және полиция жұмысын сервистік модельге көшіру.
Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанынан құрылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық ұйым өкілдері мен аудан жастарының қатысуымен жиын өтті.
Аталған жиында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов пен аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары Даурен Жүрсінбаев сервистік модельінің ұғымы туралы қоғаммен серіктестікте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тұжырымдамалары мен бастамаларын кеңінен түсіндірді.
Жиын күн тәртібінде: Аудан әкімдігінің жанынан құрылған сервистік әкімдіктің 2023-2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары мен Ордабасы ауданы бойынша 6 ай көлемде жастар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық есірткі және ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында өткізілген іс-шаралардың орындалуы баяндалды.
© Didarbek.kz