Тақырыпқа шығарылған сауалға жауапты Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты береді деген үмітіміз бар. Өйткені, Құрманғазы Мүсірдің үстінен Баласағұн атындағы мектептің директоры Бейбіткүл Селтанова жеке айыптау шағымын түсіріп, ол шағымды аталған сот өз өндірісіне алған. Істі қарап жатқан судья Еркебұлан Төлешов бірден-ақ тараптарды бейбіт бітімге шақырды. Алайда, шағымданушы Б.Селтанова, «қылмыстық істің ашылуына мектеп директоры Бейбіткүл Селтанованың туған қайнысы Бауыржан Селтанов бөгет жасап жатыр» деген сөзді ресми түрде жоққа шығарса, бітімге келуге қарсы емес екенін айтып отыр. Құрманғазы Мүсір болса, бұған келіспейтінін білдірді.
Ә.Ә.