Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АРЫС ЕЛІ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЙЫСЫП, ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЗАҒА ДУШАР БОЛДЫ

АРЫС ЕЛІ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЙЫСЫП, ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЗАҒА ДУШАР БОЛДЫ

Ортаға сыйлы абыройлы азамат, кәсіби журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі, баспасөз саласының ардагері, Арыс қаласының құрметті азаматы Мүсілімов Зүпар Арыстанұлы дүниеден озды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1951 жылы Арыс қаласында дүниеге келген Зүпар Арыстанұлы 1978 ж. Шымкент педогогикалық институтын бітірген соң, жалынды жастық жігер, шығармашылық құлшыныспен Арыс байланыс торабында радио, телефон монтеры болып еңбек әліппесін ашты. Әскери борышын өтеп келген соң «Дермене» совхозында инженер-электрик, А.С.Пушкин атындағы мектепте мұғалім болып еңбек етті. 1975 жылы газет қызметіне ауысып, 40 жыл бойы осы салада істеді. «Коммунизм таңы» газетінің Арыс қаласындағы меншікті тілшісі, 1989 ж. бастап «Арыс ақиқаты» газеті редакторының орынбасары міндеттерін атқарды. Шығармашылық жұмыстағы табыстары үшін облыстық, республикалық құзырлы органдардың марапаттарын иеленген. 2010 жылы Арыс қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
Ол дөңгеленген дүние-керуенінде ылғи да жылы жымиып, айналасын жеңіл әзіл-қалжың, зілсіз юмормен көмкеріп күлдіріп жүретін ерекше бір жайдары жан болатын.
Абзал азаматтың жарқын бейнесі біздің жадымызда әркез сақталады. Ардагер-журналист Зүпар Арыстанұлының дүние салуына байланысты оның отбасына, жақын-жуықтарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.
Арыс қаласының әкімі Г. Құрманбекова
Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қ. Ахметов
Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Әсіл
Арыс қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов
© Didarbek.kz

Пікір жазу