Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы күнделікті қоғамдық тәртіп сақтауда қызмет атқаруда. Қазіргі таңда қала тыныштығын бұзу заңсыз приотехникалық бұйымдарды қолдану, яғни от шашуларды қолдану көбейді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы бағыт бойынша қалалық полиция қызметкерлері күнделікті іс-шаралар өткізуде. Сондай-ақ жеке тұлғалардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзып, заңсыз пиротехникалық бұйымдарды қолдану – ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша хаттама толтырылып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштық бұзу – ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Заңсыз пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынған. Шымкент қаласы полицейлері қала тыныштығын бұзып, от шашуларды қолданбау керектігін, сонымен қатар заңсыз пиротехникалық бұйымдарды қолданған жағдайда қатаң шара қолданылатының ескертеді!
© Didarbek.kz