Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТӨЛЕБИЛІК ЖАСТАР — «ЖАСТАР ЛИГАСЫ» АТТЫ РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ТӨЛЕБИЛІК ЖАСТАР — «ЖАСТАР ЛИГАСЫ» АТТЫ РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды инженерлік машықтандыру, робототехникаға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында облыстық «Жастар лигасы» атты робототехника байқауы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Лицей ғимараты күні бойы дарынды балалар мен жетекшілердің көмегімен басқарылатын ғажайып роботтар әлеміне айналды.
Ленгір қаласы, N°7 IT мектеп лицейі ғимаратына ұйымдастырылған конкурсқа 17 команда өтініш білдіріп, 10 команда қатысты. Түркістан облысының 10 ауданынан қатысқан жастарды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшының орынбасары Ескулов Пердебек Сержанұлы құттықтап, конкурстың өту тәртібі мен мақсатын түсіндірді.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Байқауға қатысушы жастар Arduino жиынтығымен машина құрастырып, оған бағдарлама орнатып, құрастарылған машина арнайы кедергілерден өтті. Білікті жастардың қабілетін шыңдап қана қоймай, жаңа идея тууына жәрдемдесуге бағытталған байқауға қатысушылардың еңбегіне әділ қазылар бағасын берді. Құрылғыны ойлап тапқан болашақ ғалымдардың еңбегіне сәттілік тілеп, жүзден жүйрік болып шыққан Төлеби ауданының жастары жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, 500 мың теңге сыйақы алды. Екінші орыннан көрінген Кентау жастары 300 мың теңге, Бәйдібек ауданының жастары 200 мың теңгенің иегері атанды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу