Қазіргі уақытта аудан аумағында 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған дейін 18 көшеде құрылыс жұмыстары басталды, оның ішінде 13 көшеде жаяу жүргіншілер жолы толық салынды.
Олар: Тайманов, Байтулы баба, Дермене, еңбекші, Сымбатты, Үміт, Сарсенбаев, Бектаев, Тәжібай ата,Мөңке би, Жандосов, Татулық және Октябрьская көшелері.
Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс, Исаханов, Интернациональная, Бәйдібек би және Жаркент көшелеріне де жаяу жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға берілетін болады.
© Didarbek.kz