«Таза Қазақстан» жобасы аясында Тұран ауданы Бадам өзені аумағы тазаланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілік жұмыстарына қоғам белсенділері, ардагер ақсақалдар, Тұран коммуналдық мекемесі, ШымкентСпецКомплекс мекемелерінің қызметкерлері мен бір топ еріктілер қатысты.
Өзен аумағын тазалау жұмысына 10 техника, 300-ге жуық адам қатысып, 50 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
© Didarbek.kz