Aудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын көркейту, абаттандыру, дамыту жоспары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын бақылау үшін аранайы қала аумағын аралады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аралау барысында аудан басшысы Бәйтереков көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында жүргізіліп жатқан санитарлық-таззалық жұмыстарын, суғару жүйесін жүргізу мақсатында аталған аумаққа орнатылып жатқан бағаналармен тартылып жатқан кабельдерді, Сарыағаш қаласының төлқұжатын жаңарту, былтыр күзде егілген көшеттерді суғару жұмыстарын бақылады. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласына қарасты Майлықожа көшесінің бойына төлқұжат салу бойынша жобамен танысып, аталған көшенің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы:
— Қаланы көркейту, оның дамуына үлес қосу — ортақ мақсат, ортақ іс. Сондықтан, алға қойылған жоспардың нәтижелі орындалуы, жұмыстың сапасына, жауапты тұлғалардың жауапкершілігіне, тұрғындардың мәдениеттілігі мен жанашырлығына тікелей байланысты. Кей жағдайда тұрғындар жоғарыда аталған мәселелерге қатысты наразылық танытып жатады. Ол үшін біз жасалып жатқан жұмысты ашық, айқын түрде көрсетіп, оны халыққа жеткізуіміз керек. Қаланың дамуы бір адам немесе бір басшыға байланысты емес, ол бірігіп жасалған жұмыстың нәтижесінде ғана көрінеді. Сондықтан жауапты саламен бөлім басшылары және қала әкімі өздерінің тиісті жұмыстарын атқарып, қарамағындағылардан жауапкершілік пен нәтижелі жұмысты талап етсе, қаламыз өркендеп, дамиды, — деді.
Атқарылып отырған жұмыстар бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұловқа тиісті тапсырмалар беріп, жіті бақылауында екенін атап өтті.
© Didarbek.kz