Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖАСӨСПІРІМ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖАСӨСПІРІМ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Аудан аумағында 2024 жылдың 12-13 шілде аралығында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Іс-шара барысында Жергілікті полиция қызметіне қарасты ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен олардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүруінің, тұрғын үйден тыс болуының жолын кесу үшін рейдтер өткізуде.
Іс-шара барысында полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болу, Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берілген фактілерін анықтау бойынша рейдтер өткізілуде. Рейд барысында жалпы 30-ға жуық құқық бұзушылықтар анықталып, олардың ата-аналарына тиісті шара қолданылды.
Возможно, это изображение 3 человека
Сонымен қатар Еңбекші АПБ-да “Жасөспірім” және «Жайсыз отбасы» санатында есепте тұратын азаматтар үй жайлары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу